KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 8 м/с, СБ
477.45 527.1 5.24

Кітапханадағы «Денсаулық кабинеті»

12.06.2013, 18:00 196


Глубокое ауданы Бобровка ауылдық кітапханасында «денсаулық кабинеті» ашылды.

Онда балалардын кітап оқуға деген ынталарының төмендігіне байланысты ауруларды анықтауға болатын, «библио сканерде» тексерулер өткізілді. Сондай-ақ, «кітап тапшылығына» байланысты ауруларды емдеу үшін «дәрігердің» (кітапханашының) рецептісі бойынша тегін (10 күндік мерзімге) «дәрі-дәрмек» (кітаптар) алуға болатын, «кітап дәріханасы» да жұмыс істейді. Сонымен қатар, іс барысында біреулер «библио сканерде» «тексеруден» өтіп жатқанда, басқаларына «Айболит» дәрігерін бояуға ұсыныс берілді. Содан соң балаларға сканердің нәтижелері көрсетілді. Мұнда кейбір кітаптардың қызық жерлері талқыға түседі. Бейнетаспалардың көмегімен барлық кітаптар балаларды әсерлі сезімдерге бөледі.

Осы жаңалық ашылғалы кітаптар үлкен сұранысқа ие болды. Балалар кітаптарды оқуға асығатын болды. Сонымен, осы іс-шараның көмегімен «кітап тапшылығын» емдеу мәселесі біраз уакытқа шешімін тапты. Енді кітапханашы жаңа оқу жылының басынан бастап алдын алу шараларын жалғастыруды жоспарлап отыр.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив