KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Үш бөлмелі үй

21.02.2012, 18:00 179


Жетпісінші жылдары Хамит Балшабеков үй мәселесі жағынан біраз қиындық көріп жүреді екен. Бір жағынан сол үйдегі жеңгей де: «Кеңірек үй сұрамайсың ба, бастықтардан» деп қыңқылдай беретін көрінеді. Сонда Хамаң:
- Ел сияқты ебің жоқ ұғысатын,
Мықтылармен тіл тауып шығысатын.
Өлең саған бере ме үш бөлме үй,
Әйелім күнде болды ұрысатын.
Мұндайда мен байғұста ес қала ма,
Аяулым-ау, мені енді шымшылама.
Ыстықтасаң сыртқа шық, аспан ашық,
Аспаны бар адамдар тұншыға ма, - деген екен. Ақын сөзі жерде қала ма, біреуден-біреу естіп кеңшар басшыларының құлағына жетсе керек, нәтижесінде Хамаңа кеңірек үй беріліпті.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив