KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Үржарлықтар электрші мен мал дәрігеріне зәру

21.02.2012, 18:00 142


Аудан әкімі Бауыржан Жанақов Үржар ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қоры-тындылары мен биыл атқарылар негізгі жұмыстар жөнінде аудан жұртшылығының алдында есеп берді.

Облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен өткен есеп беру жиынында ауданның ауыл-шаруашылығы мен өнеркәсібінің өркендеп қана қоймай, әлеуметтік жағдайдың да жақсарып отырғаны айтылды. Өткен жылы аудандағы апатты жағдайдағы 11 мектептің құрылысы басталды.


Есеп беру жиынында сөз алған үржарлықтардың халық-тың тұрмысын жақсартып, ауданды дамытуға байланысты ұсыныс, тілектері аз болмады. Облыстық мәслихаттың депутаты Рысхан Жанкүшікова Астана мен Өскеменде ашылған ат спорты манежін Үржар ауданында да ашып, мүгедек балалардың сауығуына жағдай жасалса деген тілегін жеткізді. Аудан тұрғындары тарапынан Мақаншының тозып кеткен көшелері жөнделіп, Үржардан Алматыға ұшатынұшақ қатынасы қайтадан қалпына келтіріліп, Алакөлдің жағасынан ардагерлерге арналған демалыс үйі ашылса де-ген өтініштер айтылды.
Үржар ауданында бұл күнде электрші мен мал дәрігеріне деген зәрулік күрт артып отыр. Алыстағы ауылдың жарығы өшіп, тұрмыстық бұйымы істен шықса, оны қосып, қарап беретін қарапайым электрші жоқ. Ауырған малды көрсетіп, емдететін мал дәрігерлері де аз. Аудан тұрғындары әкімге осы мәселені айтты.
Облыс Әкімінің орынбасары мен аудан әкімі жиналған қауымның барлық сауалдарына жауап берді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив