KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Жармада жақсылық көп

21.02.2018, 09:29 114

Жарма ауданында баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі үш жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі-  Жаңғызтөбе  ауылында қуаты 45Мвт жел электр стансасының құрылысы. Ауданда экономиканың барлық саласы қанатын жайып келеді. Алайда өткен жылы өндіріс саласының қарқыны ерекше болды.


Бұл жөнінде аудан әкімі Нұрлан Сыдықов  Қалбатау ауылында өткен халық алдында есеп беру кездесуінде атап өтті. Жиында аудан әкімі Н.Сыдықов 2017 жылы ауданның  әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, даму бағыттары, жүзеге асырылған маңызды жобалар,  мемлекеттік бағдарламалардың елді-мекендерде орындалуын тілге тиек етті. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған негізгі іс-шараларға тоқталып,  қорытынды баяндама жасады. Кездесу соңында тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін айтып, сұрақтарын қойды. Барлық қойылған сұрақтарға тиянақты жауап берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив