KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,5 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Үржар ауданында халыққа 10 мәдениет ошағы қызмет көрсетеді

13.06.2013, 18:00 295


Үржар ауданындағы Тасбұлақ ауылында қараусыз тұрған клуб үйі ағымдағы жөндеуден өтіп, оған аудан бюджетінен 20 млн. теңге бөлінді. Бұл аудандағы 10-шы мәдениет ошағы, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Клуб үйінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Бауыржан Жанақов бүгінде аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған мәдениет үйлерінің саны 10-ға жеткенін айтты.

Ауданда жекеменшікке сатылып кеткен 9 мәдениет үйі қалпына келтірілген. Мұның өзі жергілікті атқарушы биліктің халық қамын ойлайтынын көрсетеді. Жөндеуден өткен ғимараттың лентасын аудандық мәслихат хатшысы Мұхаметқали Бітімбаев, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төлеубек Байтурин қиды.

Мұнда сондай-ақ, аумағы атшаптырым спортзал, 120 орынды акт залы бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив