KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, З
450.79 482.21 5.05

Депутаттың шапағаты

21.02.2012, 18:00 133


Бородулиха ауданындағы Новошульба облыстық балалар үйінің тоғыз тәрбиеленушісі қақаған аязды күндердегі демалыстарын Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру орталығында өткізіп келді.
Бұл жанға жайлы сауықтыру орнында оқушылар түрлі сауықтандыру іс-шараларына, өз бетімен білім жетілдіру бағдарламасына қатысып, мемлекеттік мұражайларға, зообақтар мен басқа да мәдени орындарға саяхат жасау мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ жерлестеріміз әртүрлі конкурстарға, сайыстарға, мерекелік концерттерге белсене қатысып, өз өнерлерін баршаға паш етіпті.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындар мен олардың тәрбиешілері ертегіге бергісіз керемет демалысқа аудандық мәслихаттың депутаты Сергей Быковтың демеушілігімен қол жеткізді.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив