KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

«Жас Отанда» - жаңа хатшы

19.02.2012, 18:00 142


«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының есеп беру және сайлау конференциясы өтті.

Оған «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасы-ның бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков қатысып, «Жас Отанның» атқарушы хатшысы Мұхит Сүттібаевтың өткен жылғы атқарған істері туралы есебі тыңдалды.
Есепті баяндамадан өңіріміздегі болып жатқан саяси науқандардың басы-қасында жүретін жастар ұйымының өткен жылы біраз шаруаларды атқарғанын байқадық. Қазір өңірдегі белсенді ұйымның құрамында 17 мыңнан астам жас бар көрінеді.
Елбасының биылғы Жолдауында жастар мәселесіне көп көңіл бөлінгеніне тоқталған Түсіпхан Түсіпбеков:
– Жолдауда айтылған жоспарларды жүзеге асыруда, әрі партиямыздың тұғырнамасын жүзеге асыруда сіздердің белсенділіктеріңіз қажет. Сондай-ақ, еліміздің өркендеуі, ұлттық құндылықтарымыздың сақталуы сіз-дердің қолдарыңызда, – деп жастардың жігерін жани түсті.
Сөз кезегін алған семейлік Мақсат Кәрімов пен жармалық Маржан Бақыт өздерінің атқарған жұмыстар-ын айта келе, ұсыныстарын да ортаға салды. Айталық, «жастар қанатына дербес шешім қабылдайтындай мәртебе берілсе, әрі аудан әкімдері қолдаса» екен дейді.
Бұл ұсыныстарды орынды деп тапқан филиал төрағасының бірінші орынбасары алдағы уақытта бұл мәселе ойластырылып жатқанын айтты. Әрі осындай жастар мәселесіне қатысты аудандық бюджеттен ақша бөліп, штат тағайындап отырған Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдинді үлгі етіп, барлық аудандар мен қалалардың әкімдеріне хат жазғанын айтты.
Түсіпхан Түсіпбековтің ұсынысы бойынша Өскемен қалалық мәслихатының жас депутаты Станислав Каримов «Жас Отанның» атқарушы хатшысы болып сайланды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив