KZ
Өскемен
+28°
небольшая облачность жел 5 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Жол қозғалысы ережелеріне қандай өзгертулер енгізілді?

19.02.2012, 18:00 120


– Биылдан бастап жол қозға-лысы ережелеріне өзгертулер енгізілді деп естідім, сол рас па? Егер енгізілген болса қандай баптар өзгеріске ұшырады екен?

Аслан Асқаров

Риддер.

Бұл сауалға облыстық жол полициясы басқармасы бастығы-ның орынбасары, полиция пол-ковнигі Петр Никифоров жауап береді:
– Биылғы 9-қаңтардан бастап елімізде жол қозғалысы ережеле-рінің жаңартылған нұсқасы күшіне енді. Бұрынғы заңмен салыстыр-ғанда бұл жолғы толықтырулар мен өзгерістер заң талаптарын қатаң-дата түсті. Атап айтсақ, ендігі жерде «қозғалыс үшін кедергі» түсінігі заңда басқаша қарастырылған. Егер бұған дейін жол бойындағы қозғалысқа кедергі келтіретін кез келген материалдық нысан осындай ұғымды білдіріп келсе, енді жол қозғалысы жөніндегі ережелерде
ол басқаша. Айталық, көлік кеп-телістері немесе жол бойындағы тоқтаған көлік енді мұндай кедер-гіге саналмайды. Жаңа талаптар-ға сәйкес кептелісті немесе жол
бойындағы апатты айналып өту үшін қарсы бағытқа шыққан көлік иелеріне әкімшілік жаза қолдануға негіз бар.
Жүріп бара жатқан көліктегі жолаушылардың барлығы, соның ішінде көлік жүргізуге үйрететін нұсқаушылар, жедел және арнайы қызмет қызметкерлері, сол сияқты такси жүргізушілері қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті. Сонымен қатар арнайы рұқсат етілген орындардан басқа жерлерден өтетін жаяу жүргіншілерге де заң қатая түсті. Нақтырақ айтқанда, жол қозғалысы ережелерінде көзге көрінетін қашықтықта жаяу жүргіншілер өтетін жол жоқ болған жағдайда ғана жаяу адамдар жолдың кез келген белдеуінен өте алатындығы айтылған. Егер көзге көрінетін қашықтықта арнайы жаяулар өтпесі болса, адамдар міндетті түрде сол арадан өтуге тиіс.
Тағы бір өзгеріс, жүргізушінің
немесе көлік ішіндегі жолаушы-лардың қозғалыс кезінде терезеден басын сыртқа шығаруына, есікті ашуына рұқсат етілмейді, сондай-ақ, қаладағы автобус аялдамаларына 15 метрден жақын жерде немесе аялдамаларда автобустардан басқа көліктердің тоқтауына тыйым салынған.
Автокөлік құралдарын фото немесе бейне радарлардан пластика-лық арнайы перделер арқылы саналы түрде бүркемелеген жүр-гізушілер (егер мұндайға өз бетімен барса) заң бабы бойынша тиісті жауапкершілікке тартылады.
Жалпы, жол қозғалысы ереже-лері ең бірінші кезекте бүгінгі таңда саны кемімей тұрған жол-көлік апаттарының алдын алуға бағыт-талғанын айта кеткен абзал.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив