KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Өрт сөндіргіш жаңа техникамен жабдықталды

16.02.2012, 18:00 122


Семей қаласындағы өртке қарсы күрес қызметінің гарнизоны 30 метрлік басқыш сатысы бар жаңа көлікпен жабдықталды.

Ресейден жеткізілген бұл техника түрі елімізде Астана мен Семей қалаларында ғана бар.
Бұған дейін өрт бола қалған жағдайда екі басқышты ескі ЗИЛ-131 автомобилі қолданылып келген-ді. Мамандардың айтуынша бұрынғы сатылар өртті жылдам өшіру кезінде айтарлықтай кедергілер келтіретін көрінеді.
Жаңа көлік бірнеше тәртіпте жұмыс істейді. Жоғары қабаттан бірнеше адамды отырғызып алатын арба тәрізді қорабы да бар. Бүгінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінде осы көлікті меңгеру үшін 5 жүргізуші оқып жатыр. Бұл жерде ең бастысы абдырап қалмай, жылдамдық пен дәлдікті пайдалана білген жөн дейді мамандар.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив