KZ
Өскемен
+6°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Ол жаққа баратын пошта кетіп қалып па еді?

15.02.2012, 18:00 137


Біздің Қойтастың азаматы, бүгінде Күршімде тұратын, жасы жетпістен асып отырған ағамыз Советхан Рамазанұлы да аудан тұрғындарына жақсы танымал адам. Ұтқыр әзіл, қыршаңқы тіркестерімен жүрген жерін қашанда күлкіге бөлеп отыратын Сәкеңнің мына бір қалжыңын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Бірде Советхан ағамыз бір жақын жеңгесінің қырқына келіп отырады. Молда ислам шартына сәйкес «қырық ясин» дұғасын оқып болған сәтте кешігіп келген бір туысқан адам өзінің қатым бергісі келетінін сездіреді. Көрінген жерде заң айдап, жөн айтып отыратын сөзі көптеу қариялардың бірі:
- «Қырық ясин» оқылып кетті, енді қатым қабылданбайды! - деп шорт кесіпті. Жас молда не айтарын білмей абыржып, үлкендер әрі-сәрі болып қалған сол сәтте Сәкең:
- Ештеңе етпейді, қатымыңды бере бер. «Кешіктің» дейтіндей немене, о жаққа баратын пошта кетіп қалып па еді? - деген екен.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив