KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Өскеменде 14 саябақ пен гүл бағы қайта жөндеуден өтеді

12.02.2012, 18:00 101


Шығыс Қазақстанның әкімшілік орталығы Өскемен қаласында 14 «жасыл аймақ» құрылады, қаланың билік өкілдері осы жылы қала шетіндегі саябақтар мен гүл бақтарын қайта жөндеуден өткізбек.

Бұл - қала маңындағы Бабкина мельница, Шмелев Лог пен Защита шағын аудандары, Красина кенті және тағы басқалары.

Жаңа «жасыл аймақтарды» құруға қатысты, Шығыс, Ақмер, Әблақат кенттерінде үш жасыл қорғау аймағы, екі гүл бағы - Сол жағалауда, тағы екеуі - Защита стансысының теміржол ауданында, қалғандары қаланың орталығында салынады.

Сонымен бірге Металлургтер көшесіндегі ескі саябақ қайта жөндеуден өтеді. Келесі жылға арналған осы жоспарлар жайлы халықпен болған есептік кездесуде қала әкімі Серік Тәукебаев мәлім етті. Сәулет және құрылыс басқармасының қалалық бөлімі саябақтардың аумақтарын абаттандыруға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ жаңа әкім Өскемен қаласының сыртқы көрінісін көркейтуге бағытталған жұмыстар әрі қарай жалғасатынын атап өтті.

ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив