KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Өскеменде қаланың шетіндегі көшелерді де жарықтандыру көзделіп отыр

18.02.2012, 18:00 149


Көшелердің түнгі жарықтандырылуы өшірілмейді. Бұл шешімді қала әкімі Серік Тәукебаев қабылдады.

Мұнымен қоса, көшелердің жарықтандырылуы қаланың шетіндегі жекеменшік секторға да өткізілетін болады - қазіргі кезде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жарықтандыру өткізілетін көшелердің тізімін жасап жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Есептік кездесулерде қаланың тұрғындары жекеменшік сектордың көшелерін жарықтандыру өтінішін білдірген еді. 2012 жылы қалалық бюджетте бұл жұмыстарға қаржы қарастырылған. Қала тұрғындарының тілегі ескерілетін болады», - дейді қала әкімі.

ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив