KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
476.27 515.47 5.41

Қазақстандық фристайлшылар Әлем кубогының 13-кезеңінде жүлдегерлер қатарына ілінді

12.02.2012, 18:00 157


Кеше Қытайдағы Бейда Лейкте фристайлден Әлем кубогының 13-кезеңі аяқталды. Онда могулден ерлер арасында 26,53 ұпаймен канадалық Майкл Кингсбери бірінші орны алды.

Одан кейінгі орынды 25,54 ұпай алған жинаған қазақстандық Дмитрий Рейхард мен канадалық Жюстин Дюфур және 24,56 ұпаймен тағы бір канадалық спортшы Марк Кагнан бөлісті. Ал әйелдер арасында американдық Ханна Керни ( 25.69 ұпай) бірінші, канадалық Жюстин Дюфур-Лапойнт ( 25.39) екінші, казақстандық Юлия Галышева (25.33) үшінші орын алды.

Бұған дейін АҚШ-тағы Дир Вэллиде өткен Әлем кубогының 12-кезеңінде Майкл Кингбери екінші, Дмитрий Рейхард 15-орын алған еді. Ал әйелдер арасында Ханна Керни бірінші, Жюстин Дюфур-Лапойнт екінші, Юлия Галышева төртінші орынды еншілеген болатын.

ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив