KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, С
452.92 484.99 5.12

Қазақстандық хип-хопер Бейонсенің әніне ремикс жазды

8.02.2012, 18:00 164


Қазақстандық хип-хоп-орындаушы семейлік Кейс (Ержан Серікбаев) әлемге әйгілі әнші Бейонсе өзінің сайтында жариялаған байқауға қатысатын болды. Байқау шарты бойынша 18 жасқа толған кез-келген адам талантты әншінің End of the Time әніне ремикс жазып, оны сайтқа жариялауы қажет.

8 – ақпаннан басталған байқау 8-наурызға дейін жалғасады. Байқау жеңімпазы 4 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлық алады, онымен қоса ремикс Бейонсенің R & B жаңа альбомына енгізіледі.

20 жастағы семейлік Ержан Серікбаев өзінің тырнақалды туындысын 2009 жылы жазған. Бүгінде ол "На зло" әніне бейнебаян түсіруді жжоспарлап отыр. Жуықта ғана Желіде оның "Moro - мы просто люди" атты бейнетуындысы жарияланды. Жас талаптың негізгі мамандығы – ағылшын және француз тілдерінің аудармашысы екен. Бірақ ол болашақта продюсерлік орталық ашып, музыка саласына шындап ден қоймақшы.

Мәлімет көзі: Tengrinews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив