KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Мәжілісмендер барлық облыстарда протез зауыттарын ашуды өтінді

7.02.2012, 18:00 126


Депутат Айгүл Самақова ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атына Қазақстанның барлық облыстарында протез зауыттарын ашу жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Айгүл Самақованың пікірі бойынша, Қазақстанда мүгедектерді протездік-ортопедиялық жәрдеммен және көмекші құралдармен қамту мәселесі толықтай шешімін тапты деуге болады. Алайда, сол жәрдем мен құралдардың сапасы сын көтермейді деп атап өтті депутат.

«Зауыттардың техникалық базасы ескірген және әлемдік протездеу тәжірибесінің талаптарына жауап бере алмайды. Жасалатын протездерді пайдалану өте ауыр және істен тез шығып, оның соңы трофикалық жаралармен немесе қажаулармен аяқталып жатады. Қазақстанда барлығы 4 протезді-ортопедиялық зауыт бар: Алматыда, Петропавлда, Өскемен мен Семейде. Мүгедектер осы зауыттарға республиканың түкпір-түкпірінен баруға мәжбүр. Осы тұрғыда мүгедектерге барлық жерде бірдей жағдай жасалмағанын айта кету керек», - деді Самақова.

«Протезді-ортопедиялық зауыттардың филиалдарын басқа облыстарда да құру мәселесін қарастыруды сұраймыз. Сондай-ақ протездеу кезінде мүгедектерді күту жағдайын жақсарту қажет. Стационарлар мүгедектердің талаптарына ыңғайластырылмаған», - деп қосты депутат.

BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив