KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Семейде адамның иық буындарын алмастырды

5.11.2018, 04:22 123

Семейде бірегей операция жасалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бірнеше сағатқа созылған операцияны Астаналық ортопед мамандар жасады. Науқастың иық буындарын жасанды протезге ауыстырған. Протез титан және кобальт-хромнан істелген екен.


Операция сәтті аяқталған. Науқас, дәрігерлер сөзінше, 10 күндей емханада болады. Кейін оңалту шаралары жүргізіледі.


– Мұндай операциялар көп нәрсені талап етеді. Әсіресе иықтың түп жағы сынса қиын болады. Көп күтім керек. Бұл протез науқастың буындарын ширақ қимылдатуына жәрдемдеседі, – деді жедел жәрдем емханасы директорының орынбасары Базар Төлеуов.


Айта кететін жәйт, мұндай операция Шығыс Қазақстанда бірінші рет жасалып тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив