KZ
Өскемен
+17°
небольшой дождь жел 3,1 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Мамандары Германиядан оқып келген зауыт

21.10.2013, 18:00 92


Жарты ғасырдан астам тарихы бар Семей протез зауыты Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарының мүгедек жандарын сапалы протездермен қамтамасыз етіп, олардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін жеңілдетуге мүмкіндік беруде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өндіріске жаңа технологиялар енгізілген. Бүгінде осында шығарылатын бұйымдар қатарына балдақтар, таяқтар да кіріп отыр. 2011 жылдан бастап германиялық «Отто воск» фирмасының құрал-жабдықтары, термошкафтар алынған. Мамандар Германиядан оқып келген, 2011 жылы Ресей мамандары шеберлік сыныптарын көрсетіпті. Осылайша олар жыл сайын білімдерін, біліктіліктерін жетілдіріп отыр.

Семей қалалық мүгедектер мен әлеуметтік мекемелермен жұмыс секторының меңгерушісі Ләззат Майшекинаның айтуынша, олар мүмкіндігі шектеулі жандардан өтініштер қабылдап алады. Сосын өтініштерді тиісінше қарап, осы орталыққа жібереді. Ал өндіріс бөлімінің бастығы Зоя Патрина айтқандай, мұнда көбінесе жалпақ табанға ұшыраған жас-тар мен балалар арнайы келіп, өлшемдері бойынша аяқкиім тіктіреді. Аяқкиім таза былғарыдан жасалады. Менеджер Елена Авдеенко дүкендеріне көп адамдар келетіндігін айтады. Қаладағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушы ер балалары осы жерде ғана аяқкиім тіктіреді. Осылайша сапалы аяқкиімге тапсырыс беретін мекемелер де баршылық.

Семей протез зауыты бүгінде «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ-ның Семей филиалы болып қайта құрылған.

Директор Ақан Ордабаевтың айтуынша, 2008 жылы зауыт жабылудың алдында тұрған екен. Қарыз қордаланған. Ал жақын облыстағы мүгедек адамдар протез тосып отырып қалған. Халыққа ақылы қызмет көрсету жұмысы жақсы жолға қойылады.

– Сол жылдары «Богатырь Аксесс» ЖШС, «Қазақмыс» ЖШС-мен өндірісте жарақат алған мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек көрсету жөнінде келісімге қол жеткізілді. 2010 жылы Қызылорда облысы бойынша «Әлеуметтік бағдарламалар және еңбекті үйлестіру» мекемесінің тапсырысы бойынша протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтуға орай өткен ашық конкурсқа қатысып, оны жеңіп алдық. Осының өзі біз үшін үлкен мәртебе болды. 2011 жылы инвестициялық бағдарлама аясында құны 1175 мың теңге тұратын термошкаф, былтыр протез бөлімшесіне
арнап вакуум шкафын сатып алдық, – дейді зауыт директоры.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив