KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
443.72 482.28 4.9

ШҚО-да тілсіз жаудың салдарынан төрт адам қайтыс болып, екі адам ауруханаға түсті

6.02.2012, 18:00 112


Өткен демалыс күндері ШҚО да орын алған тілсіз жаудың салдарынан төрт адам қайтыс болып, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ШҚО ТЖД сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Сенбіден жексенбіге қараған түні Глубокое ауданының Опытное поле кентіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерін өрт шалды. Өрт сөндірушілерді көршілер шақырған. Пәтерден 35 жастағы ер адамның мәйіті табылып, түтінге уланған 21 жастағы пәтер иесін жедел жәрдем дәрігерлері алып кеткен. Қазір ол азамат облыс орталығындағы 1-ші қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Зырянда жексенбі күні құтқарушылар өзінің ас үйінде орын алған өрттің салдарынан күйіп қалған 81 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Дәл сол күні Өскемендегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің ең жоғарғы қабатындағы бір бөлмелі пәтерде өрт шықты. Салдарынан 53 жастағы үй иесі қайтыс болды. Ал дүйсенбіге қараған түні Семейдегі жеке меншік жер үйлердің бірінде өрт шығып, құтқарушылар сол уақытта ауруханада жатқан үй иесінің танысы болып табылатын ер адамды тапты.

ШҚО ТЖД қызметкерлері барлық шығысқазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив