KZ
Өскемен
-3°
туман Штиль
485.04 525.98 5.04

Шығыс Қазақстанда болған өрт екі адамның өмірін қиып кетті

19.02.2012, 18:00 140


Шығыс Қазақстанда екі адам қаза тапты - демалыс күндері аймақта 22 өрт оқиғасы болды.

Жексенбі күні Риддерде өрт сөндірушілер жанып тұрған жеке тұрғын үйдің дәлізінен күйіп қалған 83 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Өрт үлкен емес болса да, қарт адамның өмірін қиып кетті.

Бұдан бір күн бұрын Серебрянскіде өрт сөндіруші қызметкерлер үйдің еденінде жатқан оның 27 жасар иесін тапты. Семей қаласында 68 жастағы ер адам бір қабатты үйде болған өрттің салдарынан күрделі күйіктер алды.

Демалыс күндері болған барлық дерлік 22 өрт оқиғасының жалғыз-ақ себебі болды. Ол - электр құралдарын дұрыс қолданбау.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив