KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру басталды

6.02.2012, 18:00 145


2011 жылы елімізде «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының пилоттық жобасы жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Егер былтыр жобаның мүмкіндіктерін шамамен 600 шығысқазақстандық пайдаланған болса, енді бұл көрсеткіш екі есеге өсетін болды, - бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі аймақтық комиссияның алғашқы отырысында осылай делінді.

Бағдарлама бағыттарының бірі — ауылды шағын несиелендіру. Осы мақсатта тек біздің өңірімізге ғана 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Басым бағыттар мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын, балық шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту, киім-кешек, жиһаз, құрылыс материалдарын өндіру, туризм мен тұрмыстық қызмет көрсету.

Ольга Кузовлева, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы:

- Бұл соңғы сома емес. Шағын несиені пилоттық жобаларға емес, қалыпты жұмыс жағдайында береміз.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив