KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Вице-премьер Орынбаев ШҚО-ға жұмыс сапарын қорытындылады

5.03.2012, 18:00 181


Вице-премьер жұмыс сапарының бағдарламасы аясында барған тағы бір нысан Шығыс Қазақстан облысындағы«Алтай» аймақтық технопаркі болды.

Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіндегі инновациялық жобалар көрмелерін, сонымен қатар «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының ғылыми жобалар көрмесін аралап шықты.
Вице-премьермен кездесу барысында облыстық әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Ольга Кузавлева Бағдарламаның нәтижелерімен таныстырды. «Біз өткен жылы қысқа мерзім ішінде 5,1 млрд. теңгені игердік. Биыл облыс 8 млрд. теңгені игере алады. Бізде бұдан да ауқымды жобалар бар»- деп хабарлады О.Кузавлева.
Сонымен қатар, Е.Орынбаев кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Қазбизнесконсалтинг» ЖШС сервистік орталығының жұмысымен танысып, облыстық әкімдікте «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларының қатысушыларымен кеңес өткізді.
Кеңесте сөз сөйлеген Е.Орынбаев Шығыс Қазақстан облысының осы Бағдарламаларды жүзеге асырудағы жетістіктерін атап өтті.
«Шығыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы белсенді және табысты іске асырылуда, халықты Бағдарламамен таныстыру, Бағдарламаға қатысушыларды мониторингілеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстың тәжірибесін бүкіл республикаға қолдануға болады», - деді Е.Орынбаев.
«Шағын несиелеу жұмыстарын ерекше атап өткім келеді, бұл - өте маңызды құрал. Облыстың тәжірибесін бүкіл республикаға таратуға болады. Аймақтың қол жеткізіп жетістіктері бізді қуантып отыр», - деп атап өтті вице-премьер.
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аяқталды.
Шығыс қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы несие сомасы 35,5 млрд. теңге болатын 105 өтініш субсидияланған.
Бағдарламаның бірінші және үшінші бағытын жүзеге асыру аясында Аймақтық үйлестіру кеңесі мен Экономикалық даму және сауда министрлігі жалпы несие сомасы 23,4 млрд. теңге болатын 57 өтінішті мақұлдады. 2011 жылғы субсидиялардың нақты сомасы 1 млрд. теңгені құрады.
Жалпы несие сомасы 852,2 млн. теңге болатын тағы 13 жоба қазір уәкілетті органдардың қарауында жатыр.
Бағдарламаның екінші бағытын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы жұмыс тобының қарауына облыс тарапынан 16 жоба ұсынылған, оның ішінде қазіргі таңда жалпы несие сомасы 6,4 млрд. теңге болатын 8 жоба мақұлданған.
Аймақта машина құрастыру, электр құрылғыларын өндіру, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау өнімдерін шығару сияқты басқа да салалардағы жобалар, сонымен қатар Индустрияландыру картасы аясындағы жобалар жүзеге асырылады. 700-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

bnews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив