KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Бағдарламаның игілігін көріп отыр

13.02.2012, 18:00 157


Өткен жылы елімізде «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасының пилоттық жобасы іске асырыла бастаған. Ресми деректерге жүгінсек, былтыр жобаның мүмкіндіктерін шамамен 600 шығысқазақстандық пайдаланса, енді бұл көрсеткіш екі есеге артпақ.

Бұл туралы «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі аймақтық комиссияның алғашқы отырысында мәлім болды.
Бағдарламада көрсетілген бағыттарының бірі – ауылды жерлердегі халықты шағын несиемен қамтамасыз ету болса, осы мақсатта тек біздің өңірге ғана 6 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Сондай-ақ, басым бағыттарға мал, өсімдік, балық, құс шаруашылықтарын дамыту, киім-кешек, жиһаз, құрылыс материалдарын өндіру, туризм және тұрмыстық қызмет көрсету салалары жатады.
– Бұл соңғы сома емес. Шағын несиені пилоттық жобаларға емес, қалыпты жұмыс істейтіндерге береміз, – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Ольга Кузовлева.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив