KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Жерлестеріміз Қ.Рысқұлбековтың мемориалында тоғыз жүлдеге ие болды

17.12.2018, 08:46 296


Cемейде дзюдодан Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған республикалық жарыс мәресіне жетті.


Турнирге еліміздің бірнеше облысы мен қаласынан келген жас татами шеберлері қатысты. Жарыста Аман Шәріпов баптайтын Шығыс Қазақстан облысының құрамасы ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.


Дені облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілерінен құралған команда бес алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, турнирдің қорытындысы бойынша Айсұлу Орынғазықызы (48 келіге дейінгі салмақ), Жансая Ахметбекова (52 келі), Барыс Қуан (73 келі), Ерзат Арғынов (81 келі) пен Нұржаз Сәбиолла (70 келі) тұғырдың ең биік сатысына көтерілсе, Ақсәуле Қабыкенова (70 келі) күміс жүлдеге ие болды.


Тағы үш жерлесіміз – Барақ Арқабай мен Жайдар Хасенов (екеуі де 81 келіге дейінгі салмақта), сондай-ақ Айдар Хасенов үздік үштікті түйіндеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив