KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
477.62 527.67 5.25

Қазақстанда COVID-ке шалдыққандар саны артқан

pixabay.com

17.08.2024, 16:00 109 Назерке Каримова

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы COVID ахуалы туралы айтты.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Алдыңғы айлармен салыстырғанда көрсеткіштен шамалы асып кету бар. Сонымен қатар, коронавирус Қазақстанда да, бүкіл әлемде де ешқайда кетпегенін ескеру қажет. Егер сырқаттану бойынша былтырғы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, бізде сырқаттанушылық айтарлықтай яғни 8 есе төмен. Бүгінгі таңда республикада коронавирустық инфекцияның ауыр және өлім жағдайлары тіркелген жоқ, - деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 


Бұл ретте спикер жаппай маска кию режимін енгізу жоспарда жоқ екенін айтты. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес маска режимі тек медициналық мекемелердегі медициналық қызметкерлерге арналған. Медициналық мекемелерге келушілер, пациенттерге де маска тағу ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив