KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 3 м/с, З
477.62 527.67 5.25

Галышева Әлем кубогын төртінші орынмен аяқтады

4.03.2019, 04:33 183

Юлия Галышева биылғы маусымды жеңіспен аяқтады. Дәлірек айтсақ, жерлесіміз фристайлдың могул түрінен Алматының іргесіндегі Шымбұлақ тау-шаңғы кешенінде өткен 2018-2019 жылдарғы Әлем кубогы үшін жарыстың соңғы кезеңінде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетейік, байрақты бәсекенің ақырғы екі кезеңі елімізде өткен болатын. Оның алғашқысында спортшылар жекелей сында өзара мықтыны анықтаған-ды. Бір қызығы, бұл жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға былтырғы Пхенчхан Олимпиадасының үздік үштігі ие болды. Алайда, Корей жерінде қола жүлдеге қол жеткізген Галышева бұл жолы алтыннан алқа тағынды. Шығысқазақстандық фристайлшы финалдық бәсекеде 79,69 ұпай жинап, франциялық Перрин Лаффон мен канадалық Жюстин Дюфур-Лапуанттың алдын орап кетті.


Өкінішке қарай, жарақатына байланысты Юлия келесі күнгі жұптық сайысқа қатыса алмады. Осылайша, жерлесіміз биылғы бәсекені 533 ұпаймен төртінші орында аяқтады. Естеріңізге салайық, былтырғы додада өскемендік фристайлшы үздік алтылықты түйіндеген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив