KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Юлия Галышева – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері

12.02.2018, 03:48 224

Юлия Галышева Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль иеленіп, Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлдені салды.


Фристайлдың могул түрінен сынға түскен өскемендік спортшы әлемнің кіл мықтылары бас қосқан додада 77,40 ұпай еншілеп, қыздар арасындағы сайыстың үздік үштігін түйіндеді. Юлия 78,65 ұпай жинаған франциялық Перрин Лаффонға және 78,56 ұпай еншілеген канадалық Жюстин Дюфур-Лапуантқа ғана жол берді. Өкінішке қарай, тағы бір шығысқазақстандық фристайлшы Аяулым Әміренова бұл сында үздіктер қатарынан көріне алмады. 17 жастағы спортшы 52,78 ұпай жинап, жалпы есепте 17-ші орынға табан тіреді.


Айта кету керек, Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын Қазақстан құрамасы сапында 12 жерлесіміз қорғауда. Олар спорттың төрт түрі бойынша сынға түсуде.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив