KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, З
489.36 533.45 4.99

12 миллион теңге балалар үйіне. ШҚО теміржолшылары

1.12.2018, 04:26 97


Шығыс Қазақстан облысындағы Балалар ауылының жеті тәрбиеленушісін өңірлік жол бөлімшесінің ұжымы өз қамқорлықтарына алған. Осыған қарай олар міне, бірнеше жыл қатарынан баларға қолдау көрсетіп келеді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.


Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, үш тәрбиеленуші - Архат пен Карина Груздевтер және Татьяна Маслова жергілікті жүк тасымалы бөлімшесінің қамқорлығында. «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ филиалының, Защитинский дабыл және байланыс дистанциясының, Защитинский және Серебрянский жол дистанциясының жұмысшылары жасөспірімдер Мавлади Голяковтың, Сергей Кривченконың, Ислан мен Ислам Мамытовтардың мұқтаждықтарына, сабағына және қажетіне көңіл бөліп келеді.


«Теміржолшылар жыл сайын балалардың есеп-шоттарына олар баспана сатып алуы үшін ақша аударып келеді. Міне біздің тәрбиемізден өткен Владимир Вторушин Балалар үйінен кеткеннен кейін теміржолшылар жинап берген ақшаға Белоусовка ауылынан өзіне үй сатып алды. Бізді осы қуантады, енді балада баспана бар. Ал ары қарай барлығы да оның өз қолында», - деді «Қазпрофтранс» ҚБ Орталық кеңесінің өкілі Айгүл Жайлаубаева.


Шығысқазақстандық теміржолшылар өздері демеушілік көрсетіп келе жатқандардың мамандық иеленуіне, білім алуына ерекше назар аударады. Осындай игі қолдаудың арқасында балалар үйінің тәрбиеленушісі Татьяна Маслова қазір М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында оқиды. Ол болашақта өз өмірін темір жолмен байланыстыруды ойлап отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив