KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Жетімдерді жебеп келеді

17.06.2013, 18:00 117


«Қазцинк» ЖШС Өскемен металлургия кешені қорғасын зауытының ұжымы облыс орталығындағы бөбектер үйіне он жылдан бері үнемі көмек көрсетіп келеді деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Олар бұл жолы Бөбектер үйіне ас пісіретін екі камералы пеш және балалар киімдері мен ойыншықтар, сондай-ақ, дәруменді жемістер әкеліп тапсырды. Металлургтер мұның алдында бөбектерге ыңғайлы да әсем 15 төсек және серуенге шығаратын арбаларды алып келген болатын.

Бөбектер үйінде перзентханадан әкелінген сәбилерден бастап төрт жасқа дейінгі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 117 балдырған тәрбиеленуде.

«Қазцинк» ЖШС-нің мамандары Өскемендегі «Үміт» балалар үйінің түлектерін өз қатарларына тарта бастады. Соларға кәсіпорын цехтарын аралатып, серіктестіктің оқу орталығында жүзге жуық мамандықтың қалағанын алып шығуға болатынын, бітіргеннен кейін жұмыспен қамтылатынын түсіндірді. Бұл күндері алты жасөспірім металлург мамандығын игеруге ден қойды.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив