KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Шығыстың белсенді жастары марапатталды

24.11.2018, 03:19 254


Өскеменде «Біздің №1» форумы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысып, үздік жастарды марапаттады.


Айта кетейік, Тұңғыш Президент күніне орай өткен форумды облыстық ішкі саясат басқармасының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Форум барысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлестері үшін "Жылдың жас көшбасшысы», «Жылдың студент көшбасшысы», «Жас кәсіпқой», «Жылдың жастар ұйымы», «Жылдың жас журналисі», «Жылдың жастар акциясы», «Жас отбасы» аталымдары бойынша жастарға сый-құрмет көрсетіліп, қаржылай сыйлықтар табысталды.


Форумның қорытындысы бойынша, "Жас отбасы" аталымына Шайзановтар отбасы лайық деп танылса, "Жылдың студент көшбасшысы" аталымы бойынша семейлік Ернұр Өртбаев марапатталды. Ал "Жылдың жас журналисі" аталымы "Семей" телеарнасының тілшісі Еркежан Досмұxамбетоваға бұйырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив