KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да алғаш рет ұйымдастырылған «Алтай жұлдызы» додасы мәресіне жетті

23.11.2018, 16:11 170


Облысымызда тұңғыш рет суда жүзуден ұйымдастырылған «Алтай жұлдызы» атты республикалық дода өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан келген жасы 15-ке дейінгі 200-ден астам спортшы қатысқан болатын.


Турнир қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының атынан сынға түскен үш спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, Елизавета Чернышева 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үшінші нәтиже көрсетсе, Никита Арефьев те екі сайыста (50 және 100 метрге шалқалап жүзу) үздік үштікті түйіндей білді. Ал ең жоғары нәтижеге 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу сайысында топ жарған Нұрәли Советқанов ие болды.


Айта кетейік, Өскемендегі орталық бассейн ғимаратында өткен турнир төрт күнге созылды. Жарыс барысында қатысушылар алты дисциплина бойынша өзара мықтыны анықтады. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, аймақ басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған дода енді жыл сайын өткізіліп тұрмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив