KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 2 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Шығысқазақстандық спортшы әлемдік додада екі алтын медаль жеңіп алды

18.06.2018, 08:04 124

Таяуда Берлинде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзуден Әлем кубогі үшін жарыс мәресіне жеткен-ді. Бұл сынға жерлесіміз Нұрәли Советқанов та қатысып, жоғары нәтиже көрсете білді.


Биылғы додаға 47 елдің спортшылары қатысқанын айта кеткен орынды. Ел құрамасы сапында өнер көрсеткен Нұрәли Шығыс Қазақстан облысынан барған жалғыз спортшы болды. Дегенмен жерлесіміз жарыс барысында екі рет тұғырдың ең биік сатысына көтеріліп, әнұранымызды шырқатты. Алдымен 100 метрлік қашықтыққа брасс әдісімен жүзген Нұрәли мәре сызығын 1 минут 16,93 секундта кесіп өтіп, норвегиялық және германиялық қарсыластарын артқа тастаған болатын. Бұдан соң шығысқазақстандық спортшы дәл осы брасс әдісімен 50 метрлік қашықтықты да бәрінен жылдам жүзіп өтті. Нәтижесінде екі сынға қатысқан Нұрәли Советқанов екеуінде де топ жарып, ел қоржынына қос алтын жүлде салды. Осы ретте, Нұрәлиді алты жасынан жаттықтырып келетін бапкер Максим Филимоновтың да еңбегін атап өткен абзал.


Енді талапты жас биылғы қазан айында Индонезияда өтетін Параазиялық ойындарда ел намысын қорғамақ. Ал әлем кубогінің қорытындыларына келер болсақ, бұл сында Қазақстан құрамасы 13 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив