KZ
Өскемен
+9°
небольшой дождь жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

"Торпедо" жас хоккейшілерге сыйлық жасады

21.11.2018, 04:09 100


Өскемендік «Торпедоның» 2007 жылы туған жас хоккейшілері жаңа спорттық киім мен басқа да керек-жарақтарға ие болды. Мұндай сыйлықты балғын спортшыларға клуб басшылығы жасады.


Айта кетейік, биылғы қазан айында шайбалы хоккейден олимпиадалық резервтегі облыстық мектеп ресми түрде «Торпедо» клубының қарамағына өткен-ді. Осының арқасында жас хоккейшілер Қазақстан мен Ресей біріншіліктері аясында басқа қалаларда өтетін ойындарға өскемендік клуб есебінен бару мүмкіндігіне ие болған. Сонымен қатар енді балғын торпедолықтар спорттық форма мен керек-жарақтардан таршылық көрмеуі тиіс.


Осы ретте, ел чемпионатымен қатар, Ресей біріншілігінде де өнер көрсетіп жатқан 2006 және 2007 жылғы торпедолықтар биыл тұңғыш рет В тобында (Сібір аймағы) үздіктер қатарынан көрініп, жоғарғы дивизионға өту мүмкіндігіне ие болғанын айта кеткен орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив