KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

«Алтай» «Каспийді» жеңіп, үшінші орынға жақындады

21.10.2018, 17:18 148


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 31-ші турында өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдаған семейлік «Алтай» 3:1 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға жақындай түсті.


Аталған ойында біздің команда сапында жартылай қорғаушылар Алексей Шакин (дубль) мен Сергей Дудкин соқты. Айта кетейік, бұл алтайлықтардың биылғы чемпионат аясында жеткен 16-шы жеңісі.


Тағы бір атап өтер жайт, бұл турда «Алтайдың» негізгі қарсыластарының бірі, турнир кестесінің үшінші сатысында келе жатқан шымкенттік «Қыран» көш басындағы «Оқжетпеспен» 3:3 есебімен тең ойнап, ұпай жоғалтуға мәжбүр болды. Осының арқасында төртінші орында тұрған семейлік ұжым қарсыласына бір табан жақындады. Екі команда арасын қазір үш ұпай бөліп тұр.


Естеріңізге салайық, биылғы біріншіліктің аяқталуына бар болғаны екі-ақ ойын қалды.


Келесі кездесуін жерлестеріміз 27 қазан, сенбі күні қонақта теміртаулық «Шахтер-Болат» командасымен өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив