KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

«Алтай» үштікке іліне ала ма?

29.10.2018, 05:53 107


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 32-ші турында қонақта Теміртаудың «Шахтер-Болат» командасымен кездескен семейлік «Алтай» 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталған ойындағы жалғыз допты матчтың екінші минутында жартылай қорғаушы Ойбек Балтабаев соқты. Айта кетейік, бұл алтайлықтардың биылғы біріншілік аясында жеткен 17-ші жеңісі болды.


Дегенмен бұл турда «Алтайдың» негізгі қарсыластарының бірі – шымкенттік «Қыран» да үш ұпай еншілеп, осының арқасында турнир кестесіндегі үшінші орнын сақтап қала алды. Екі команда арасын бұрынғыдай үш ұпай бөліп тұр.


Жерлестеріміз биылғы біріншілік аясындағы соңғы кездесуін 4 қараша, жексенбі күні өткізбек. Бұл күні Сергей Тимофеев шәкірттері өз алаңында қызылордалық «Байқоңырды» қабылдайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив