KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 6 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

«Каспийді» қабылдаған «Алтай» ірі есеппен жеңіске жетті

2.07.2018, 08:52 153

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 16-шы турында Семейдің орталық стадионында ақтаулық «Каспийді» қабылдаған «Алтай» ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бір айта кетерлігі, бұл жолы семейлік команда сапында екі ойыншы ерекше көзге түсті. Оның біріншісі шабуылшы Вячеслав Сердюков болды. Алаңға ойынның алғашқы минуттарынан шыққан 28 жастағы форвардтың еншісінде екі нәтижелі соққы. Одан команданың үздік мергені Дәурен Қайқыбасов та қалысқан жоқ. Дубль авторы атанған Дәурен биылғы біріншілікте соққан голдарының санын 10-ға дейін жеткізіп, командасынының 4:1 есебімен жеңіске жетуіне сүбелі үлесін қосты. Аталған матчтағы қонақтардың жалғыз голын жартылай қорғаушы Бекзат Қабылан соққан-ды.


Айта кетейік, бұл алтайлықтардың қатарынан жеткен үшінші жеңісі. Осының арқасында Сергей Тимофеевтің шәкірттері турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды. Қазір қоржынында 33 ұпайы бар семейлік команда көш басындағы шымкенттік «Қыраннан» үш ұпайға қалып тұр.


Келесі кездесуін жерлестеріміз 6 шілде, жұма күні қонақта 32 ұпаймен үшінші орында келетін «Таразға» қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив