KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОШ
482.86 533.17 5.08

«Алтай» командасы «Қыранға» бір табан жақындады

1.09.2018, 03:02 310


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 26-ші турында өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу-Б» командасын қабылдаған семейлік «Алтай» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Аталған ойындағы жалғыз допты матчтың 23-ші минутында қорғаушы Алексей Подпругин соқты. Айта кетейік, бұл алтайлықтардың биылғы чемпионат аясында жеткен 13-ші жеңісі.


Тағы бір айта кетер жайт, бұл турда «Алтайдың» негізгі қарсыластарының бірі, турнир кестесінің үшінші сатысында келетін шымкенттік «Қыран» ұпай жоғалтуға мәжбүр болды. Осының арқасында төртінші орында тұрған семейлік команда қарсыласына бір табан жақындады. Екі команда арасын қазір үш-ақ ұпай бөліп тұр.

Келесі кездесуін жерлестеріміз 16 қыркүйек, жексенбі күні өз алаңында «Ақтөбе-Жас» командасына қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив