KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОШ
482.86 533.17 5.08

"Алтай" екінші орынға көтерілді

25.06.2018, 04:52 101

«Алтай» екінші орынға көтерілді. Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 15-ші турында Қызылордада жергілікті «Байқоңырға» қарсы кездесу өткізген семейлік ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталған ойындағы жалғыз допты матчтың сегізінші минутында шабуылшы Жандос Сұлтан соқты. Айта кетейік, бұл алтайлықтардың бір апта ішінде жеткен екінші жеңісі. Осыдан бірер күн бұрын Сергей Тимофеевтің шәкірттері өз алаңында түркістандық «Мақтааралды» 3:0 есебімен талқандаған болатын. Енді міне сырт алаңда да жеңіске жетіп, қоржынын кезекті үш ұпаймен толықтырды.


Тағы бір айта кетер жайт, 15-ші турда «Алтайдың» негізгі қарсыластары саналатын шымкенттік «Қыран» мен «Тараз» ұпай жоғалтуға мәжбүр болды. Осының арқасында семейлік команда бұған дейін екінші орында тұрған «Таразды» басып озып, көш басындағы «Қыранға» бір табан жақындай түсті. Екі команда арасын қазір үш-ақ ұпай бөліп тұр.


Келесі кездесуін жерлестеріміз 30 маусым, сенбі күні өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасына қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив