KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

«Оқжетпес» пен «Алтай» арасындағы матчтың тағдыры бірінші таймда шешілді

6.10.2018, 00:33 142


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 30-шы турында қонақта Көкшетаудың «Оқжетпесімен» кездескен семейлік «Алтай» 1:2 есебімен жеңіліс тапты.


Айта кетейік, бұл алтайлықтардың биылғы чемпионаттағы жетінші жеңілісі болды. Осы сәтсіздігінен кейін Сергей Тимофеев жаттықтыратын команда келесі жылы Премьер-лигада өнер көрсету мүмкіндігінен түпкілікті айырылды деуге де болады. Себебі, семейлік футболшылар көш басындағы «Оқжетпес» пен «Тараздан» сәйкесінше 14 және 10 ұпайға қалып тұр. Сол сияқты үшінші орындағы шымкенттік «Қыран» да «Алтайдан» бес ұпайға алда келеді. Осы ретте, ел біріншілігінің аяқталуына бар болғаны үш-ақ тур қалғанын да айта кеткен жөн.


Ал көкшетаулық командаға қарсы өткен матчтың тағдыры бірінші таймда шешіліп қойды. Бір айта кетерлігі, бұл ойындағы есепті семейлік команда ашты. Кездесудің үшінші минутында «Алтай» сапынан Сергей Дудкин көзге түсіп, командасын алға шығарды. Алайда, жерлестеріміздің бұл қуанышы көпке созылмады. Алаң иелері үзіліске дейін таразы басын теңестіріп қана қоймай, алға шығып үлгерді. Голдар шабуылшы Никита Баженов пен шығысқазақстандық футболсүйер қауымға жақсы таныс Ренат Абдулиннің еншісінде.


Бұл есеп кездесу соңына дейін өзгеріссіз қалды.


Аталған жеңілісінен кейін қоржынында 53 ұпайы бар жерлестеріміз бұрынғыдай турнир кестесінің төртінші сатысында орналасуда. Келесі кездесуін алтайлықтар 21 қазан, жексенбі күні өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасына қарсы өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив