KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Төрт жерлесіміз Әлем біріншілігінің алтынына ие болды

17.10.2018, 15:25 193


Түркияның Анталия қаласында қол күресі және пара қол күресінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлестеріміз тамаша нәтиже көрсетуде.


Атап айтсақ, облыстық бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің төрт бірдей тәрбиеленушісі Әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Олар: қыздар арасындағы 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған Евгения Гунько, 45 келіде үздік шыққан Деши Дурсаева және салмағы 50 келіден аспайтын спортшылар бәсекесінде қарсылас шыдатпаған Ақмарал Советханова. Тағы бір жүлдені ел қоржынына Ораз Басаров салды. 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүрген ұландық спортшы кезекті рет мықтылығын көрсетіп, осымен үшінші рет Әлем чемпионы атанды.


Бұған дейін Ораз Малайзия мен Мажарстанда өткен жаһандық додаларда тұғыр биігінен көрінген болатын.


Жас спортшылар білікті бапкерлер Ерлан Уәлиев пен Айдын Егінбаевтың қол астында жаттығатынын айта кеткен орынды.


Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, қазан айының 21-іне дейін жалғасатын байрақты бәсекеге әлемнің 50 елінен келген спортшылар қатысуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив