KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Өскемендік зейнеткерге көмірдің орнына жарты тонна тас түсіріп берген

5.10.2018, 08:49 124


Өскемен тұрғыны зейнет жасындағы Зоя Рязанованың сатып алған жарты тонна көмірінің жартысы тау жынысы болып шыққан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Устинка сайты мәлімдеді. Дегбірі қашқан зейнеткер БАҚ өкілдеріне өзі хабар берген. Қалалық әкімдікке де қоңырау шалып үлгерсе керек. Билік бұл жағдайға бейжай қарамапты. Зейнеткерге қосымша 2 тонна көмір жеткізіп берді.


Кеше нағыз сапалы көмір әкеліп берді. Алдыңғы көмірден қанша тас шықса, шамамен сонша қосымша көмір әкелді. Тіпті өздері кіргізіп бермек болды – дейді Рязанова.


Иә, зейнеткер Зояның мәселесі оң шешімін тапты. Дереккөз мәліметіне сүйенсек, облыс орталығында тас-көмір сатып алып, танауы тасқа тиіп отырған тұрғындар көп.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив