Семейде бір күн ауыз суды қолдануға болмайтыны туралы ескертілді
28 қыркүйек күні Семейдің кейбір аудандарында ауыз суды пайдалануға болмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Семей Су арнасы» МКК-ның мәлімдеуінше, қаланың оң және сол жағалауында су құбыры желілерін залалсыздандыру мен бірмезгілдік жуу жұмыстары жүргізіледі екен. Осыған байланысты 28 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00-ден 29 қыркүйек таңғы 6:00 аралығында суды қолдануға болмайтындығын ескертеді.
Сондықтан да, қала тұрғындарына, кәсіпорындар мен мекемелер басшылығына өрт сөндіру мен толық жұмыс жасауға барлық жағдайды жасап, тәуліктік су қорын дайындап алуларын сұрайды.
Оқи отырыңыз