KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность Штиль
443.44 480.51 4.88

«Томирис» фильмі көрерменге жол тартады

26.09.2018, 03:01 112


«Қазақфильм» киностудиясының аумағында түсірілім жүріп жатыр. Әйгілі сақ патшайымы туралы («Томирис») фильмнің ақыры жұмыстары.



– «Вавилон» декорациясында Спаргаптың келуін түсіріп жатыр. Бұл – фильмдегі үлкен көрініс. Осы аптада түсіру ісін біржола аяқтап, монтаж жасауға кірісеміз. Фильм халыққа көктемде жол тартады деп жобалап отырмыз, – деді режиссер Ақан Сатаев.



Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, «Сатайфильм» кинокомпаниясымен бірлесіп түсіріліп жатқандығын ескертеміз.


Тарихи жобаның сценарий авторы – Әлия Назарбаева мен Тимур Жақсылықов. Фильмді түсіруге шет елден де мамандар шақырылған болатын.


Бас кейіпкерді 15 000 үміткер ішінен суырылып шыққан Альмира Тұрсын сомдайды. Ал парсы патшасы Кир рөлі Гасан Масудқа тапсырылды. Ол  Ридли Скоттың «Царство небесное» фильміндегі Салах ад-Дин рөлімен кең танымал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив