KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
491.7 531.28 5.07

ФИФА жылдың үздік ойыншысын анықтады

25.09.2018, 12:14 160


ФИФА-ның нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы анықталды. Шешім көпшілік күткендей ме?.. Алтайньюс тілшісі хабарлайды.


10 жыл бойы Роналду мен Мессидің қолынан түспеген «Жылдың үздік футболшы» атағы биыл Модрич ие болды. Үздіктер үштігін Криштиану Роналду мен Мохаммед Салах түйіндеді.


Дауыс беру бойынша Хорват футболшысы 29,05 пайызбен алғашқы орынға шыққан. 19,08 пайызбен Роналду екінші орынға орналасса, Салах 11,23 пайызбен үштікті қорытындылап тұр.


Футболсүйер қауымға аян, Модрич биылғы жылы «Реалда» сапында Чемпиондар лигасында топ жарды. Ал Хорватия құрамасында өрге сүйреген жартылай қорғаушы әлем чемпионатының финалына дейін жетті.


33 жастағы футболшы бұған дейін УЕФА-ның таңдауы бойынша өткен маусымның үздік ойыншысы атанған болатын.


Дегенмен Лука «Алтын доп» иегері атана ала ма? Желтоқсан айында білетін боламыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив