Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тенге арналған қойылыммен жеңіске жетті
Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тенге арналған қойылыммен жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы zakon.kz сайты мәлімдеген болатын. Дереккөздің мәліметі бойынша 22 қыркүйек күні Канаданың Оквилл қаласында өткен Autumn Classic International турнирінде канадалық жұп Кэйтлин Уивер мен Эндрю билерін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына арнаған. Қазылар алқасы тарапынан 120,74 баллға ие болған жұп алтыннан алқа тағынып отыр.
Денис Тен Нью-Джерси штатындағы Хакенсак қаласында аталмыш спортшылармен бірге осы композицияға жаттыққан көрінеді.
– Ол біздің досымыз еді. Біз Қазақстанға барғанда кезде де осы музыканы естіп, өткен жазда оның осы әнге билегенін көрдік. Сол көрініс біздің ойымыздан шықпай қойды. Үйге келген кезде осы әнге би қойдық, – дейді Кэйтлин Уивер.
«Жанымызды ауыртса да, кейде жүрек үніне құлақ түре білуіміз керек» деген қорытындыға келген олар Димаш Құдайбергеннің орындауындағы SOS, d'un terrien en detresse балладасына билеуге шешім қабылдапты.
– Қайғылы жағдайды естіген кезде біздің миссиямыз – осы биді Денистің рухына арнау екенін түсіндік. Біз сезімімізді өнер арқылы жеткіземіз, – дейді Уивер.
Ал мамандар Денис Тен рухына арналған бидің эмоциялық тұрғыда да, техникалық тұрғыда да сәтті шыққанын айтты.