KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
492.22 529.38 5.03

"Отбасылық сот" деген қандай сот?

24.09.2018, 07:50 207


Қазақстанда отбасылық сот пайда болуы мүмкін. Онда барлық іс (әкімшілік, қылмыстық, азаматтық) қаралады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ұлбосын Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


Жоғарғы сот қазіргі таңда шет елдердің тәжірибелерін қарастырып көріп жатыр.


– Отбасылық сотта отбасылық орталық құрылады. Мәселен, ерлі-зайыптылар ажырасамыз десе, әуелі тараптар бітістіру бөлімінен өтеді. Арнайы дәріс тыңдайды, психологтармен кездеседі. Бұл бөлімдерден өтпейінше, ешқандай шешім шығарылмайды. Біз отбасылық сот біздің елге лайықты деп ойлаймыз, – дейді Ұ.Сүлейменова.


Нақты шешім шығару үшін уәкілетті органдар мен отбасылардың келісімі керек.


– Әлбетте, бұл жоба мінсіз болмауы да мүмкін. Біз барлығынан осыған қатысты пікір күтеміз. Алдағы зерттеу, анықтау жұмыстарына пікірлер аса қажет, – деп аяқтады сөзін Ұ.Сүлейменова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив