KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Жаңарған «Торпедоның» құрамында төрт-ақ отандасымыз бар

14.09.2018, 12:52 164


Өскемендік «Торпедо» жаңа маусымда команда сапында өнер көрсететін хоккейшілер құрамын таныстырды. Бір қызығы, ұжымда былтырғы құрамнан алты-ақ ойыншы қалған.


Жаңа хоккейшілердің дені ресейлік ойыншылар екен. Бұл ретте, Б.Александров атындағы спорт сарайында өткен команданың ресми таныстырылымына келген жанкүйерлер тарапынан «Ресейден легионерлер шақыртқанша, өз жастарымызға, жергілікті хоккейшілерге неге мүмкіндік бермеске?» деген тілектер де айтылғанын атай кеткен жөн. Шынында да, жаңа командада бар болғаны төрт-ақ қазақстандық хоккейші бар екен.


Белгілі болғандай, биыл команданың намысын 27 хоккейші қорғамақ. Олардың қатарында жергілікті «Алтай» жастар командасынан шақырту алған қорғаушы Константин Чернюк пен шабуылшы Әділ Бекетаев та бар.


Төменде оқырман назарына команданың толық тізімін ұсынып отырмыз. Мұнда ойыншылардың аты-жөні, нөмірі, туған жылы, бұрынғы командасы мен азаматтығы көрсетілген.


Қақпашылар:

21. Сергей Денисов (12.05.1990), «Рязань», Ресей.

29. Александр Печурский (04.06.1990), «Ценг Тоу», Ресей.

33. Максим Сидоров (03.04.1996), «Барс», Ресей.

Қорғаушылар:

5. Николай Глухов (28.04.1995), «Адмирал», Ресей.

42. Роман Хисамутдинов (02.01.1996), «Торос», Ресей.

44. Фёдор Беляков (10.04.1993), «Торпедо» Төменгі Новгород, Ресей.

55. Роман Дюков (29.09.1995), «Сарыарқа», Беларусь.


70. Константин Чернюк (13.02.1998), «СКА-Варяги», Ресей.

73. Сергей Ильин (29.04.1994), «Адмирал», Ресей.

74. Дмитрий Акишин (21.04.1992), «Дизель», Ресей.

77. Андрей Виноградов (05.07.1995), «Барс», Ресей.

90. Виталий Кропачёв (29.05.1990), «Южный Урал», Ресей.

Шабуылшылар:

9. Роман Бердников (18.07.1992), Ресей.

13. Андрей Дергунов (19.05.1996), «Ермак», Ресей.

19. Кирилл Полозов (15.01.1991), «Ценг Тоу», Ресей.

24. Никита Куракин (05.04.1996), Ресей.

34. Евгений Белухин (20.08.1983), «Шахтер», Солигорск, Ресей.


49. Александр Шин (21.11.1985), Қазақстан.

59. Максим Капитуров (25.10.1995), Ресей.

64. Аркадий Шестаков (24.03.1995), Қазақстан.

68. Александр Шибаев (18.04.1987), КРС «Хэйлунцзян», Ресей.

77. Андрей Белозёров (27.04.1996), Ресей.

72. Иван Яценко (21.06.1992), «Динамо», Санкт-Петербор, Ресей.

78. Әділ Бекетаев (23.04.1998), Қазақстан.

88. Евгений Рымарев (09.09.1988), Қазақстан.

91. Кирилл Лебедев (01.10.1991), КРС «Хэйлунцзян», Ресей.

93. Кирилл Тамбиев (04.02.1992), «Сарыарқа», Латвия.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив