KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
491.71 529.97 5.05

9 қыркүйек - Отбасы күніне орай Өскеменде ерекше акция өтті

7.09.2018, 03:22 131


2013 жылдан бастап Президент Жарлығымен елімізде Отбасы күні тойланып келеді. Қыркүйек айының екінші жексенбісіне сәйкес келетін бұл мереке биыл 9 қыркүйекте тойланбақ. Яғни, биыл 5 жылдық мерейтой, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Осыған орай облыстық Әділет департаментінде қызметкерлер отбасына арналған ашық есік күні акциясы өтті.


– Мекемеде еңбек етіп жүрген мамандардың туған-туыстары, яғни әке-шешелері, жұбайлары,бала-шағалары осы күні әдетте бөгде адамдарға кіруге рұқсат берілмейтін департамент табалдырығын аттап, жақындарының жұмыс істейтін жерін, кабинеттерін көріп, істерімен жақынырақ танысқанын қалаймыз, – деген департамент басшысы Нұрғали Андасов жиналғандарды құттықтап, әріптестерінің отбасы мүшелеріне көрсетіп жүрген қолдаулары үшін алғысын білдірді.


Департамент қызметкерлерінің отбасы мүшелері, туған-туыстары мекеме ішін аралап, департамент қызметі туралы бейнеролик тамашалады, қосыла ән шырқап, викториналық ойындар ойнады. Кеш соңында қонақтарға сыйлықтар табысталып, дастарханнан дәм ұсынылды.


Департамент маманы Альмира Әліпованың әкесі Милат Райысханұлы қызының мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп жүргенін зор мақтаныш тұтатынын жасырмады. Ұзақ жылдар шопан болған ақсақал барша мамандарға табыс тілеп, ел үшін адал жұмыс істеуге үндеді.


– Мен осы қызметте 20 жыл жүрмін. Ұжымымыз өте тату-тәтті. Бір отбасының балаларындаймыз.Жұмысымыз туралы қысқаша айтар болсам, біз туу, өлу, неке қию деректерін тіркейміз.Облыста тоқсаныншы жылдары өлім туудан жоғары болып тұрды.  Демографиялық жағдай тек 2002 жылдан бастап оңала бастады. Ал өткен жылы облыста 23847 бала дүниеге кеп, 13 мыңнан сәл астам адам көз жұмды. Яғни, табиғи өсім 10 мыңға жетті. Бұл қуантарлық жайт. Ал Өскемен мен Семейде Неке сарайлары жұмыс істеп тұр. Олар жеке меншік, содан ақысы да қымбат, десек те некелерін аталмыш сарайларда салтанатты түрде қидыратындар аз емес, – деді өз сөзінде облыстық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы  Әлия Қырықпаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив