KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

ШҚМУ-да «PARASAT» атты студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

3.09.2018, 11:10 150


С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «PARASAT» атты студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Оқу орнының ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, орталық қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетпек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Олардың қатарында пәндерді, кредиттерді қайта тапсыру, академиялық берешекті жою, аты-жөнді ауыстыру, аттестатты, дипломды жеке істен уақытша беру, апелляцияға рұқсат алу, қайталама аттестацияға рұқсат алу, емтихандық сессияны ұзарту, ішкі академиялық ұтқырлық аясында оқу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, әскери есепке тұру, жатақханадан орын беру сияқты қызметтер бар.


– Орталықта шамамен 30 білім беру қызметі көрсетіледі, оның ішінде төртеуі – мемлекеттік қызмет, – деген ол орталықтың «Цифрлық Қазақстан», «Электронды үкімет» және университеттік «Цифрлық университет» бағдарламалары аясында ашылғанын атап өтті.


Салтанатқа құрметті қонақ ретінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов пен «Алтай» арнасының директоры Аида Жабағиева қатысты.


«PARASAT» орталығы Гвардиялық дивизия көшесі, 38, 40 мекенжайы бойынша орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив