KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Әлемнің ең үздік қорғаушысы мен шабуылшысы аягөздік спортшылар екен

27.08.2018, 05:33 173


Алматы қаласында футзалдан  студенттер арасында әлем біріншілігі өтті. Аталмыш додаға дүние жүзінен 20-ға жуық мемлекет қатысты.


Жарыс барысында Қазақстан Республикасының құрама командасы Чехияны 4:3 есебімен, Жаңа Зеландияны 2:0 есебімен, Белоруссияны 1:1 есебімен, Аргентинаны 6:2 есебімен, Португалияны 3:2 есебімен ойсырата жеңді. Дегенмен, финалдық ойында Ресейлік спортшыларға 4:2 есебімен есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.



Д.Тұрсағұлов


Айта кету керек, ел намысын қорғаған құрама сапында Аягөз спорт мектебіндегі Әсет Қармановтың тәлімінде болған Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Асхат Оспанбековте жаттыққан Болат Сарбасов өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда капитаны Біржан Оразов әлемнің ең үздік қорғаушысы және Дәурен Тұрсағұлов әлем біріншілігінің ең үздік шабуылшысы атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив