KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Барнаул мен ШҚО арасында қосымша автобустар жүретін болды

24.12.2018, 04:47 106



Барнауыл мен ШҚО арасында қосымша автобустар жүреді. Билетті вокзал кассаларынан, сондай-ақ e-traffic.ru сайты арқылы алуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Дереккөздердің мәліметінше, Барнауыл мен ШҚО арасында жүретін автобусқа сұраныс артқан. Көбі жаңа жылдық демалыс кезінде жақын туыстарына қонаққа барады немесе қысқа мерзімдік саяхат жасап кететін көрінеді.


Барнауыл автовокзалының мәліметінше, 27 желтоқсан күні сағат 20:15-те Барнауылдан Өскеменге автобус жүреді. Келесі күні, яғни 28 желтоқсанда сағат 20:50-де Барнауылдан Семей қаласына автобус жолға шығады. Қазіргі уақытта екі бағыттағы автобуста да бос орын бар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив